"Медицинаға өз қалауыммен келдім. Бала кезімде отбасымдағы атам, әжем жиі ауыратын, мен соларға күтім жасап қарайтынмын, сол кезде өскенде медицина қызметкері боламын деп шештім. Сол кезден бастап болашақ мамандық таңдау туралы арманым басталды. Колледжде оқытушылар қабылдауға келген әр пациентке өзіңнің жақының келгендей мейірімділікпен, ықыласпен қарау керек деп айтатын. Жылы сөзбен, жақсы қарым-қатынаспен де көмектесу керек, бұл да адамның тезірек сауығуына септігін тигізеді, сөбен де"емдейді". Мен пациенттерге дәл осылай қараймын, олар да маған рахметтерін айтады. Әсіресе пациенттер емделіп, көздері қуаныштан күлімдеген кезде қатты қуанамын. Осындай кезде біздің жұмысымыз маңызды және қажет екенін сезінемін. Пациенттердің үйне барамын, қажетті ем-шараларды жасаймын. Менің пациенттерім менің телефон номерімді біледі, кез-келген уақытта хабарласа алады. Мен үнемі оларға жауап беремін, себебі адамдарға менің көмегім қажет. Менің жанымда жақсы адамдар, тәлімгерлер болды, мен де өз білімім мен тәжірибеммен бөлісемін. Маған біздің қалыптасқан, ұйымшыл ұжымым ұнайды. Менің ұжымым - бұл менің отбасым сияқты. Медицина алға дамып жатыр, біз де соған лайық болуымыз керек. Мен қазір білім жетілдіру курсында оқып жатырмын. Жаңа білім алып, оны адамдардың пайдасы үшін практикада қолдану маған ұнайды. Мейірбикенің жұмысы физикалық жағынан да, моральдық жағынан да қиын. Тек қана шыдамды, мейірімді, жанашыр адам ғана біздің мамандықта қала алады",- дейді Динара Асановна.
Біздің кейіпкеріміздің төрт баласы бар. Балалары сіздің жолыңызбен жүре ма деген сұраққа Динара "Қызымның медицинаға деген қызығушылығы бар, болашақта дәрігер болуы мүмкін, ал ұлым да медицинаны таңдап, хирург болғысы келеді. Қазірше бұл болашаққа жоспар" деп жауап берді.
- Сіздің қызығушылығыңыз қандай?
- Кітап оқығанда жақсы көремін, бұл мен үшін қызықты әрі танымдық әлем, ең алдымен білім алып, ой-өрісің кеңейеді. Сонымен бірге түрлі дәмді ас пісіргенді, ән айтуды ұнатамын, бұл менің көңілімді көтеріп, күш береді, және балаларға массаж жасаумен шұғылданамын.
- Кәсіптік мерекеге орай әріптестеріңізге не тілейсіз?
- Әріптестеріме өз мамандықтарын жақсы көруді, пациенттерге мейірімділік және жанашырлық танытуды тілеймін. Сондай-ақ зор денсаулық, бақыт, амандық тілеймін!
Жаңалықтар
Алматы қаласы №4 Қалалық емхананың учаскелік мейірбикесі Динара Асановна Керимбаева біздің емханада 14 жыл бойы еңбек етеді. Алматы қ. Республикалық медицина колледжін бітірген, жақсы жұмысы үшін құрмет грамоталарымен марапатталған.
