Бұл күн Қазақстанда жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтіледі. Бүгін Алматы қаласының №4 ҚЕ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты мәжіліс өтті. Шара басталғанда Қазақстан Республикасының Әнұраны айтылды. Еңбектегі жетістіктері үшін медицина қызметкерлері төсбелгімен, Құрмет грамоталарымен марапатталды. №4 Қалалық емхана барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздік Күнімен құттықтайды. Зор денсаулық, бақыт, амандық және барлық істеріңізге сәттілік тілейміз!