Көктем жаңарудың, болашаққа жоспар құрудың мезгілі. Дегенмен мамыражай маусымның келеңсіз тұстары да бар. Дәлірек айтсақ, күннің жылынуымен қатар келетін жағдай – кенелердің көбейіп, адамдарға шабуылдауы. Жағымсыз жайттың салдары қандай? Кенеден қалай қорғану керек? Осы жайында Алматы қаласы №4 Қалалық емхананың отбасылық дәрігері Жамбыл Конайұлы айтып берді.